Зардап шеккендер қарызға батқан.
Астанада автонесиеге қатысты ірі алаяқтық әшкереленді. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.
Белгілі болғандай, қала тұрғыны өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, төрт адамды өз аттарына автонесие рәсімдеуге көндірген. Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте қолданатынын айтқан. Алайда көп ұзамай көліктерді Ресейге өткізіп, сатып жіберген. Ал түскен қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған.
Нәтижесінде зардап шеккендер қарызға батқан. Жалпы залал көлемі 270 млн теңгеден асты.