Шымкенттік мұғалім оқушыны ұрғаны үшін 25 күнге қамалды

Әдлет Нұран

Мұғалімнің әрекеті заң аясында қарастырылды

Фото әлеуметтік желіден

Шымкенттегі мектеп-лицейде биыл наурызда болған оқиға сотқа жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот мәліметінше, сабақ кезінде оқушы сынып есігін қатты қаққан, мұғалім ашуланып, қол көтерген. Денсаулыққа ауыр зиян келген жоқ, бірақ мұғалім физикалық күш қолданғаны анықталды. Оқушының анасы полицияға арыз жазып, мұғалімді кешірмеген.

Сот шешімі бойынша мұғалім кінәлі деп танылып, 25 тәулікке қамауға алынды. Ол кінәсін толық мойындады.