Алматыда АЭС құрысына қарсылық білдірген белсенділердің соты бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраковты тағылған айып бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығын шектеді.
Оларға пробациалық бақылау жазасы тағайындалды. Барлығы сот залынан босатылды.
Белсенділер Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум алдында ұсталған. Олардың ісі қоғамда наразылық тудырып, құқық қорғаушылардың назарын аударды.