Осы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 150 азамат зардап шеккен.
Қазақстанның екі тұрғыны 1 млрд теңгеден астам қаржылық залал келтірген алаяқтық ісі бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана прокуратурасына сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, сотталушылар бірнеше жыл бойы азаматтарды алдап келген. Олар кеңсе жалдап, ЖШС-нің реквизиттерін пайдаланып, жалған келісімшарттар жасаған. Жәбірленушілерге Астана мен Алматы қалаларында жеңілдікпен элиталық тұрғын үй сатып алуға көмектесеміз және мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие, қарыз алуға жағдай жасаймыз деп уәде берген.
Осы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 150 азамат зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 1 млрд теңгеден асты. Сот олардың жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.