Астанада сот орындаушылары мемлекет қаржысын құмар ойындарға жұмсаған

Qaz365.kz редакциясы

Жалпы шығын көлемі 26 миллион теңгеден асты.

Pixabay.com

Астана қаласының прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының қаражатты заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, олар екі жыл бойы әкімшілік айыппұлдарды өтеуге және мемлекеттік қазынаны толықтыруға тиіс қаражатты өз мақсаттарына жұмсап келген. Ақшаның бір бөлігі тіпті құмар ойындарға салынған.

Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың да қаржысы жымқырылған. Жалпы шығын көлемі 26 миллион теңгеден асты.

Аталған сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, кейін олар келтірген залалды толығымен өтеді. Тергеу қорытындысы бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыруға кіріседі.