"Көкемізге тиіспе": Базарбек өзіне жан-жақтан қоңырау түсіп жатқанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кулуарда журналистердің сұрақтарына жауап беріп, заңсыз беріліп кеткен жерлер қалай қайтарылып жатқанын айтты

Ашық дереккөзден

Депутат Бақытжан Базарбек қаншама салымшылар алданып қалғанын мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қаншама салымшыларды лақтырып, ақшасын алып кетті. Құрылысын бастап-бастап, тастап кетті. Ол құрылыс талаптарға сәйкес келмейді. Ертең адам тұрса, құлап қалады. Сондықтан да мұндай заңсыз құрылыстарға жол бермеу керек. Әділеттілік дегеніміз не? Әділеттілік дегеніміз заңсыз, рұқсатсыз, келісімсіз, жерсіз берілген құрылыстарды тоқтату. Соттың шешімі бойынша оны сүру. Сүруден қорықпауымыз кереу. Біз сүру десе қорқамыз. Қаншама адамдар далада қалып қалады. Қытайда ондай құрылыстар күн сайын сүріліп жатыр. Содан кейін құрылыс компанияларын иелерін тізім бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуымыз керекпіз”, – дейді депутат.

Базарбек заңсыз құрылыстарға тиісті рұқсат берген әкімдіктің лауазымды тұлғалары, жер қатынастары басқармасы, сәулет құрылыс басқармаларының басшылары, әкім, әкім орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді. “Былығы ашылған олигархтар өміріңізге қауіп төндіріп, қоқаң-лоқы жасап жатқан жоқ па?” деген сұраққа Базарбек былай жауап берді.

“Олар қазір қорқады себебі,  қоғамдық резонанс алады. Бірақ та олар әлі болуы мүмкін, кез келген жағдайларда сотқа шағым беруі мүмкін, менің жақындарыма қоқаң-лоқы жасауы мүмкін. Мен оған дайынмын. Маған жан-жақтан қоңырау шалып жатыр, анаған тиіспе, мынаған тиіспе, мына көкеміз үлкен кісі ғой, бұл менің жақыным дейді. Заңның аты заң. Заң белшесінен басылып отыр ғой, заң талаптары орындалмай отыр ғой, заңды шешім күшіне ене алмай отыр ғой, біз оны толығымыен орындаймыз. Менің жұмысым үлгі болу. барлығына үлгі болу керек. Себебі, халықтың ең бірінші ойы бұл үміт, халықтың үміт отын біз, қайтадан жандандырауымыз керек”, – деді Базарбек.

Депутат әзірге Алматының әкімі Дархан Сатыбалды осы заңсыз құрылысқа толығымен көмектесіп жатқанын айтты. “Адамды аса қатты мақтай бермеймін адамдарды, оның жұмысын неғыламын” деп қосты. Бір айдың ішінде 8 ге жуық обьектілерді сүру туралы толығымен тапсырмаларды, 3 жыл бойы сүрілмеген обьектілерді 3 айдың ішінде сүріліп жатқанын сөз етті.

“Жер аманаты республикалық жер комиссиясы аясында біз заңсыз, жер саласындағы былықтарды ашып, қай әкім сол былықтарды, жоққа шығарып, заңсыз қаулыларды бұзып, мемлекеттік меншікке қайтару туралы шараларды қолға алды. Павлодар облысынан Асайын Байқанов өте жақсы жұмыс жасап жатыр, біздің “Жер аманаты” комиссиясы аясында, заңсыз берілген жерлерді, мемлекетке қайтаруға атсаласып жатыр. Қостанай облысының әкімі Ақсақаловты, Қызылорда облсының әкімі Нәлібаевты айтуға болады. Қазір соңғы уақытта қаншама фактілерді анықтау қанша сынның үстінде тұрса да Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеевті айтуға болады. Ең бастысы бас прокуратураның үш орынбасары, қазір маған  көмектесіп жатыр. Қойгелдиев, Өмірәлиев, Шындалиев. Біз қазір барлық тірліктердің бәрін анықтау үстіндеміз”, – деді Базарбек.