Бүгін Мәжілістегі баспасөз мәслихатында журналистер Жамбыл облысында полицейдің қамауға алынуына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайға қатысты пікір білдірді:
– Өкінішке қарай, мұндай деректер болды. ІІМ – ірі ведомстволардың бірі. Былтырғы деректермен салыстырғанда, статистика жақсарып отыр. Бірақ заң бұзу, оның ішінде қылмыстық әрекетке бару – полиция қызметкерінің жоғары мәртебесіне мүлде сәйкес келмейді. Полицей халықты қорғауы тиіс. Мұндай жағдайда біз сатқындық туралы айтып отырмыз. Сатқындармен қысқа сөйлесеміз. Біздің арамызда сатқындар болмауы керек, – деді министр.
Сәденовтің айтуынша, Жамбыл облысындағы дерек бойынша тексеруді министрліктің өзі анықтап отыр. Ол ІІМ қатарында күдікке ілінгендерге қатысты ұстаным әрқашан қатаң болатынын атап өтті.