Алаяқтар жаңа әдіс пайдалана бастады: енді SMS-код қажет емес

Qaz365.kz редакциясы

Енді олар SMS-кодты сұрап отырмайды.

Pixabay.com

Елімізде азаматтардың ақшасын ұрлаудың жаңа тәсілі анықталды. Бұл жолы қаскөйлерге банктік операцияларды растау үшін SMS-кодты білу міндетті емес, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 4 қыркүйегінде aqparatsaqsysy Telegram-арнасының мамандары алаяқтардың жаңа әдісін егжей-тегжейлі түсіндірді:

Егер бұрын олардың басты мақсаты - құрбандарынан SMS арқылы келген растау кодын алдап алу болса, енді олар жәбірленушіні телефон экранын көрсетуге немесе қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарлама (AnyDesk, TeamViewer және басқалары) орнатуға көндіреді.

Бұл қалай жүзеге асады:

жәбірленушінің телефонына операцияны растау үшін SMS-код келеді,

адам оны тікелей айтпайды, бірақ алаяқтар экраннан бәрін көріп отырады,

содан кейін олар ақшаны аударады, онлайн несие рәсімдейді немесе жеке деректерге қол жеткізеді.

Яғни қаскөйлер жәбірленушінің смартфонына қол жеткізу арқылы оның банктік карталарын, құпиясөздерін, мемлекеттік қызметтерге кіру мүмкіндігін және тіпті жеке хат-хабарларын көре алады.

Сарапшылар ескертеді:

банк қызметкерлері, полиция немесе мемлекеттік органдар ешқашан экранды көрсетуді сұрамайды және қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды талап етпейді,

CVV-кодты атау, SMS хабарламасын жіберу немесе «операцияны растау» туралы кез келген өтініш – бұл алаяқтықтың айқын белгісі,

тек ресми қосымшалар мен сайттарды қолданған жөн.