Алматы полициясы әйелді аяусыз соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қалалық полиция департаменті бұрынғы күйеуінен таяқ жеген Дильбар Тимурованың арызы жөнінде түсініктеме берді

скриншот

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 тамыз күні Жетісу аудандық Полиция басқармасына дене жарақаттары бойынша хабарлама түскен, деп жазады Qaz365.kz.

«Осы күні аталған дерек бойынша 36 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу аяқталған соң заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді полицияда.

Еске салайық, бұған дейін алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің өзін ауыр соққыға жыққанын айтқан еді. Салдарынан оған жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше ота жасауға тура келген. Әйелдің айтуынша, жағдайының ауырлығына қарамастан, құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы ешқандай әрекет жасамаған. Оның шағымын әлеуметтік желілерде «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Тансари жариялап, қолданыстағы заңдардың іс жүзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғай алмайтынын мәлімдеген.