14 адам ұсталды
Астанадағы «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде қыздарды жезөкшелікке тартумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында полиция 14 адамды ұстады. Олардың арасында ұйымдастырушылар да бар. Тергеу мəліметінше, күдіктілер Астанадағы элиталы пәтерлерді жалға алып, оларды жасырын интимдік қызмет көрсететін орынға айналдырған.
Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу және притон ұйымдастыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«Барлығы 14 адам ұсталып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елордадағы криминогендік жағдайды бақылауға "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында баса назар аударылатынын атап өтеді», - делінген ІІМ хабарламасында.