Рудный қаласының прокуроры Марат Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды
Ақпаратты Бас прокуратураның өзі таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Құзырлы органның мәліметінше, ұстау шарасын прокурорлар ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген.
«Өз қатарымыздағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады” – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Рудныйдың прокуроры қызметін Марат Оспанов атқарған.