«Солдатқа жасалған қорлық» бейнеролигі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратты

Qaz365.kz редакциясы

Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі

Фото әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген бейнероликтің таралуына байланысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрліктің хабарламасында желіде қызу талқыланған «солдатқа жасалған қорлық» деген бейнеролик жай ғана фильмнің үзіндісі екенін және дипфейк технологиясы арқылы бұрмаланғанын расталды.

«Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі болып табылады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - делінген хабарламада.