Берденовті атқан Жиенбайдың ісі бойынша апелляция соты өтетін күн белгіленді

Qaz365.kz редакциясы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Шымкент қалалық соты ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың мәліметінше, екі тарап та сот шешіміне шағым түсірген. Апелляция соты 8 қазан күні сағат 12.00-де Шымкент қалалық сотында өтеді.

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталып, күдікті Ернар Жиенбай 9 жылға сотталған еді.