Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Қазақстанда түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату мерзімін шектеу және олардың айналымына бақылауды күшейту ұсынылды. Бұл бастаманы ішкі істер министрі Ержан Сәденов көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Біз профилактикалық шараларды қолға алып жатырмыз - қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактілерін тоқтатамыз, мас адамдарды оқшаулаймыз, ал есепте тұрған азаматтарға алкоголь тұтынуға тыйым саламыз. Бірақ бұл - салдармен күрес, ал бізге себеппен күресу керек, - деді Сәденов Мәжілістің ІІМ-дегі көшпелі отырысында.
Министр атап өткендей, полицияның өкілеттігі негізінен мәжбүрлеу шараларымен шектеледі.
Пайда табу мақсатында кейбір кәсіпкерлер жас ерекшелігі мен сату уақытына қойылған шектеулерді елемей, алкогольді тәулік бойы «кафе» немесе «бар» түрінде сатуды жалғастырып отыр. Сондай-ақ онлайн жеткізу де кең тараған. Ал лицензиядан айыру шарасы тиімді емес - ертеңіне сол лицензияны басқа адамның атына қайта рәсімдей салады, - деп түсіндірді министр.
ІІМ әзірлеп, Ведомствоаралық комиссия отырысында қаралған ұсыныстардың ішінде мыналар бар:
Бұдан бөлек, министрлік көңіл көтеру орындарында алкоголь сату уақытына да шектеу енгізуді қажет деп санайды.
Осындай орындарда мас күйінде 1 400-ден астам қылмыс тіркелген, оның ішінде үш адам өлтіру фактісі бар. Соған қарамастан, кейбір мемлекеттік органдар бұл ұсынысты қолдамай отыр. Менің ойымша, басты мақсат азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау болуы керек, - деп қорытындылады Сәденов.