Күдіктінің шетелде жүрген жері анықталған.
2025 жылдың 11 қазанында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық іздеуде жүрген елорда адвокаттар алқасының бұрынғы мүшесін ұстағанын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Ведомствоның мәліметінше, арнайы операция ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп жүргізілген. Күдіктінің шетелде жүрген жері анықталып, кейін ол Астана қаласына жеткізілді.
Тергеу барысында бұрынғы адвокаттың аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінгені анықталған. Ол 2023 жылдан бері жалған құжаттарды пайдаланып, тұрақты мекенжайын жиі ауыстырып, құқық қорғау органдарынан жасырынған.
Күдікті Қазақстанға жеткізілген соң тергеу изоляторына қамалды, сот оның бұлтартпау шарасын қамауға алу түрінде бекітті.
ҰҚК таратқан ақпаратқа сәйкес, істің өзге деректері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.