Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлына қатысты рейдерлік істі қайта тергей бастады

Qaz365.kz редакциясы
Ашық дереккөзден

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы – Нұрбол Назарбаевқа қатысты рейдерлік басып алу ісін қайта тексеріп жатыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың өтінішінен кейін Нұрбол Назарбаевқа қатысты істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылған.

«Сотқа дейінгі тергеу материалдарын зерделеу және Қуат Ерментаев ұсынған дәлелдерді ескере отырып, 2025 жылғы 9 қазанда бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті көрсетілген фактілерді жан-жақты және объективті тексеруге бағытталған қосымша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деді Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, рейдерлік фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеудің барысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.