“Қатты ұяламын”: Алика Мұхамадиева сотта қазақ халқынан кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Сотталушы соңғы сөзін айтты

Qaz365

Қарағанды қалалық сотында қазақ халқының ар-намысына тиетін сөз таратты деген айыппен сотқа тартылған Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша соңғы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Судья отырысты ашық деп жариялап, істің сотталушының соңғы сөзімен аяқталатынын мәлімдеді.

Сөз алған Алика Мұхамадиева өз әрекетіне өкінетінін айтып, қазақ халқынан тағы бір мәрте кешірім сұрады.

«Маған өте ұят. Өз кінәмді толық мойындаймын. Айтқан сөздерім үшін өкінемін және барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Менің кішкентай қызым бар, соны ескерсеңіздер деймін. Бұрын мақсат қуып жүріп, ең маңыздысын жоғалтқанымды енді түсіндім. Қызымды құшағыма алу үшін бәрін беруге дайынмын», – деді Мұхамадиева.

Оның сөзінен кейін судья кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім шығару үшін үзіліс жариялады.

Соттың шешімі бүгін сағат 17:00-де жарияланатыны хабарланды.