Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының өтініштері қаралады – Бас прокурор

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бірде-бір уәж назардан тыс қалмайды

Raul Uparov

Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарының өтініштерін қабылдау басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның жетекшілігімен қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналары қабылданады. Олардың әрбір айтқан уәжі назардан тыс қалмайды», – деп жазды Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар әскер қатарында қаза табу мен жарақаттану жағдайларын болдырмау шараларына, шақыру науқанының заңдылығына және медициналық тексерулердің дұрыстығына баға берілетіні атап өтілді.

Аталған жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері де қатысады.