Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында «Заң және жастар» атты диалогтық алаң өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеогемасы аясында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кездесуге ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ж. Музтауов қатысты. Іс-шара барысында спикер жастарға заң бұзушылықтың салдары, экономикалық құқықбұзушылықтарды, дроперлік пен интернет алаяқтықты болдырмау, сондай-ақ қаржылық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздік тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, жастар арасында кең таралған электронды темекі, вейп және дроп өнімдерін қолдану мәселесіне де назар аударылды. Спикер бұл заттардың денсаулыққа зияны мен заңмен тыйым салынғандығын түсіндіріп, олардың таралуына және қолданылуына жол бермеу – әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының ерекшеліктері, жауапкершілік деңгейі, қаржылық қауіпсіздік және интернеттегі қауіпсіздік туралы жан-жақты мәлімет алды.
Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, заңды сақтау және жауапты мінез-құлық – әр азаматтың борышы екені туралы қорытынды жасады.
Диалогтық алаң жастардың құқықтық және қаржылық мәдениетін қалыптастырып, заңға деген құрмет сезімін нығайтуға және қазіргі технологияларды пайдалану кезінде сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.