Елімізде әр екінші кісі өлімі мас адамның қолынан болады

Qaz365.kz редакциясы
ашық дереккөзден

Қазақстанда биылғы 11 ай ішінде ойын-сауық орындарында тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша 42 мыңға жуық өтініш түскен, оның 1 749-ы қылмыстық іске ұласқан. Бұл деректерді ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ мәліметінше, елде әр екінші адам өлімі мас адамның қолынан болады. Ал дәл ойын-сауық орындарында болатын құқық бұзушылықтардың 25%-ы алкоголь әсеріндегі әрекеттермен байланысты.

Биыл осы санаттағы қылмыстар бойынша:

  • 10 кісі өлімі,

  • 579 дене жарақаты,

  • 8 зорлау,

  • 26 тонау,

  • 238 бұзақылық тіркелген.

Елордадағы жағдай ерекше назарда

Әділовтің айтуынша, Астанада ойын-сауық орындарындағы қылмыс айтарлықтай жиілеген.

  • Қаладағы 171 мекемеде 357 қылмыс жасалған.

  • Полицияға түскен 3 431 шақыртудың 90%-ы — түнгі 23:00-ден кейін.

Ең көп шақырту түскен орындар:

  • «Панаехали» — 958 рет,

  • «Забери меня» — 349 рет,

  • «Мята» — 262 рет.

Бұл мекемелердің бірқатары қылмыстың жиі қайталануымен көзге түсіп отыр.

Алматыда да көрсеткіш жоғары

Алматыда жыл басынан бері 3 588 шағым тіркелген, сондай-ақ 14-тен астам кісі өлімі анықталған.

ІІМ түнгі уақытта тәртіпті күшейтіп, ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды жалғастырып жатқанын хабарлады.