ІІМ жүргізушілерді сақтыққа шақырды

Qaz365.kz редакциясы
caravan.kz

Ішкі істер министрлігі қыс мезгілінің басталуына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығы мен жол жағдайының күрделенуіне байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдыққа шектеу қойылады, ал қажет болса, жолдар уақытша жабылады.

«Қыс кезінде тұрақты жол белгілері орнатылады. Мәселен, 3.24 “Жылдамдықты шектеу” белгісі мен Астана–Щучинск және Астана–Теміртау бағыттарында электронды ақпараттық тақталар бар. Бұл жүйе боран, көктайғақ сияқты жағдайларда жылдамдықты уақытша төмендетуге мүмкіндік береді», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның айтуынша, жолдағы жылдамдықты өлшейтін бейнекамералар осы белгілерге сай автоматты түрде реттеледі.

Министрлік азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға және белгіленген шектеулерді бұзбауға шақырды.