Қазақстан 1Win онлайн-казиносының ұйымдастырушыларын сырттай соттады

Qaz365.kz редакциясы

Ресми ақпаратқа сәйкес, платформа пайдаланушыларға 11 мыңнан астам онлайн-ойын ұсынып, спорттық және киберспорттық бәсті қабылдаған

Фото: Elements.envato.com

Қазақстанда 1Win онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты қылмыстық іс аясында қымбат дүние-мүліктер тәркіленді. Ал онлайн-казиноның басшыларына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілерден Maybach және Lamborghini автокөліктері, 151 миллион теңге және 44 мың еуро алынған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, айыпталушыларға халықаралық іздеу салынды. Сот санкциясымен олар сырттай қамауға алынды.

Тергеу нұсқасына қарағанда, бұл онлайн-платформаның қызметін ұйымдастырған алдын ала сөз байласқан қылмыстық топ. Олар заңсыз табысты жасыру үшін бірқатар жалған компания ашқан. Қаржы осы фирмалар арқылы аударылып отырған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғаушылар қаржы аударымдарын анықтап, іске қатысы бар өзге тұлғаларды іздестіріп жатыр.