Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді
Астанада Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Ювашев Ильяр Салаватовичке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Блогерге Астана қаласы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады. Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.
Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады.