×

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
Фото: Qaz365.kz/Бауыржан Қаріпов

«Қазгидромет» РМК 24-26 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек антициклон жотасымен еліміздің оңтүстігіне ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ күтіледі.

Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ел аумағына солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон әсер етеді.
Солтүстік, шығыс және орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →