×

Қазақстанның бірнеше өңірінде "Дауылды ескерту" жарияланды

19-20 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары күтілуде

Қазақстанның бірнеше өңірінде "Дауылды ескерту" жарияланды
Сурет: avestnik.kz

19-20 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде күн суытып, ауа-райы құбылмалы, дауылды болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 19-20 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер жариялайды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Дауылды ескертулер күтіледі:

  •  19 ақпанда Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан мен Павлодар облысы, Абай облысы мен ШҚО-тарында көктайғақ пен қалың тұман күтіледі.
  • 19 ақпанда Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • 19 ақпанда Жамбыл облысы, Түркістан мен Жетісу облыстарында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
  •  Алматы мен Қонаев қалаларында 18-20 ақпанда: түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
Кеше, 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →