Қазақстанның үш өңірінде жол қозғалысы шектелді
Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты үш облысты дауылды ескерту жарияланып, жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Ауа райының нашарлауына (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) байланысты облыстық маңызы бар 2 а/ж (Абай, Қостанай) және республикалық маңызы бар а/ж 1 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық (Жетісу), республикалық маңызы бар а/ж 4 учаскесінде (Ақмола, Қостанай) жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелген”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Жол қозғалысы шектелген облыстар:
Жетісу облысы: "Үшарал-Достық-гр. ҚХР "84-164 шақырымы, Көктұма кенті - Дастық станциясы.
Қостанай облысы: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 шақырымы, Тобыл қаласы-Ақмола облысы.
Ақмола облысы:
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақырымы,
- Қостанай облысы- Сұрған кенті.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» 71-82 шақырымы, Ақсай-Бұзылық кенті.«Жезқазған-Петропавл» 536-553 шақырымы, Бұзылық кенті-Сұрған кенті.