×

Елімізде ауа-райы күрт нашарлап, дауылды ескерту жарияланды

Боран, қатты жауын-шашын, температураның күрт төмендеуі, тұман, желдің күшеюі, және көктайғақ

Елімізде ауа-райы күрт нашарлап, дауылды ескерту жарияланды
Сурет: gov.kz

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.

“Қазгидромет РМК мәліметтерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер жариялайды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазгидромет РМК мәліметінше еліміздің батысында ауа райы – қарлы боранды, шығысында – тұманды, оңтүстігінде – жауын-шашын мен қолайсыз ауа райы, солтүстігі мен орталығында – жауын-шашын мен арты қарға айналып, көктайғақ күтілуде.

Одан бөлек бүгін 2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы (Ұлытау, Қызылорда, Жетісу) 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде нөсер жауын, оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі
25.07.2025ж. 12:55

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде нөсер жауын, оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі

Температуралық көрсеткіштерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.
Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →