×

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Pixabay.com

Қазақстанда мамыр айының соңғы күндері суық ауа райымен жалғасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ел аумағында найзағаймен жауын-шашын әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон ығыса бастайды. Бұл құбылыс батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына, ал солтүстік өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болмақ.

Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта аяз күтіледі:

25 мамырда – Батыс Қазақстан облысында;

25 мамырда – Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында;

26 мамырда – Павлодар облысында.

Аяздың күші түнде -1...-3°C аралығында болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ыстық жаз солтүстік өңірлерге әлі де жетпей жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →