×

Елімізде 42 градус ыстық болады

Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

Елімізде 42 градус ыстық болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыстан келетін циклон мен оған ілесетін атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Көптеген аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 25-30 градустан 18-23 градусқа дейін салқындауы мүмкін.

Шығыста ауа райы аздап жылы болады: түнде 7-18 градустан 9-20 градусқа дейін, күндіз 22-33 градустан 24-35 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста да шамалы жылыну байқалады: түнде 5-15 градустан 7-17 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 25-35 градусқа дейін.

Оңтүстікте аптап ыстық күтіледі – кей жерлерде 40-42 градусқа дейін жетуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нөсер, бұршақ және +44°C: Қазақстанда ауа райы қандай болады
11.07.2025ж. 15:15

Нөсер, бұршақ және +44°C: Қазақстанда ауа райы қандай болады

Тұрғындарға ашық ауадағы демалыс кезінде ауа райының қолайсыздығын ескеру ұсынылды.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →