×

Елімізде 42 градус ыстық болады

Сонымен қатар жауын жауып, жел тұрады. 

Елімізде 42 градус ыстық болады
Pixabay.com

Республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35 радустан 20-31 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді. Шығыста түнде 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус ыстық күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус ыстық күтіледі. Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градустан 30-38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →