×

Елімізде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

Кей өңірде жауын-шашын күтіледі

Елімізде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі. 1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Күндізгі уақытта термометр бағаны оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градусты көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ел аумағына солтүстік-батыстан жылжып келе жатқан циклон әсер етеді.
Солтүстік, шығыс және орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →