×

Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық, ал солтүстігінде нөсер мен бұршақ күтіледі

4-5 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды. 

Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық, ал солтүстігінде нөсер мен бұршақ күтіледі
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 4-5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық күтіліп отыр - ауа температурасы +43…+47°C дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Республика аумағындағы ауа райын негізінен циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

4-5 шілде күндері солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, — деп мәлімдеді «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік аймақтарда шаңды дауылмен бірге желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Күндізгі уақытта көптеген өңірлерде сынап бағаны +35°C дейін жетеді, ал оңтүстікте одан да жоғары – аптап ыстық күтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →