×

Аптап ыстық, жауын-шашын: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы күндері еліміздің әр өңірінде ауа райы әртүрлі сипатта болады.

Аптап ыстық, жауын-шашын: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» мамандары 2025 жылғы 15, 16 және 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің әр өңірінде ауа райы әртүрлі сипатта болады: бір бөлігінде 44 градусқа дейін аптап ыстық күтілсе, басқа аймақтарда жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.

Метеорологтардың болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады.

16 шілдеде еліміздің батысы мен солтүстігінде, ал 17 шілдеде солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі, – деп нақтылады «Қазгидромет» өкілдері.

Ал еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады.

Сонымен қатар республиканың бірнеше өңірінде жел күшейіп, солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Температуралық болжам:

16-17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында 39-44°C аптап ыстық болады.

17 шілдеде орталықтың кей аудандарында 40°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 40-44°C-қа дейін жетеді.

Оңтүстік-шығыста – 40-42°C.

Солтүстік аймақтарда – 30-35°C.

Шығыста 35-38°C аралығында болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нөсер, бұршақ және +44°C: Қазақстанда ауа райы қандай болады
11.07.2025ж. 15:15

Нөсер, бұршақ және +44°C: Қазақстанда ауа райы қандай болады

Тұрғындарға ашық ауадағы демалыс кезінде ауа райының қолайсыздығын ескеру ұсынылды.
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →