×

Жауын-шашын, жел: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.

Жауын-шашын, жел: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Pixabay.com

Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы циклон өтеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ пен екпінді жел күтіледі.

Ал шығыс пен оңтүстік-шығыстағы облыстарда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Синоптиктер ауа температурасы туралы да хабарлады:

24 шілде күні батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 35-38°C шамасында болады.

24-25 шілде аралығында орталық өңірде – 35-38°C, оңтүстікте – 40-42°C.

24-26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста – 35-39°C.

25-26 шілде күндері шығыста – 35-38°C.

26 шілде күні солтүстікте 35°C шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады
07.12.2025ж. 17:38

"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады
Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →