×

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын қуантты

Аптап ыстықтың беті қайтады. 

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарын қуантты
Pixabay.com

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамына сәйкес, 29, 30 және 31 шілде күндері еліміздің астанасы мен екі ірі мегаполисінде күн күркіреп, жауын жауып, аптап ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанадағы ауа райы:

29 шілде: Аспан бұлтты, кей кездері жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.

30 шілде: Бұлтты ауа райы сақталады, кей кездері жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.

31 шілде: Бұлтты, кей жерлерде жауын жауады, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +21...+23°C.

Алматыдағы ауа райы:

29 шілде: Аспан бұлтты, күндіз аздаған қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 18 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.

30-31 шілде: Бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 18-23 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкенттегі ауа райы:

29 шілде: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Түнгі температура +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.

30-31 шілде: Бұлтты, жауын жаумайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →