×

Найзағай, тұман және аптап ыстық: тамыз айының басындағы ауа райы қандай болады

Республиканың көп бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Найзағай, тұман және аптап ыстық: тамыз айының басындағы ауа райы қандай болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 2, 3 және 4 тамыз күндері Қазақстан аумағында ауа райына солтүстіктен келген антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауылды жел соғуы мүмкін. Солтүстік, шығыс, орталық өңірлер мен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жауын болжануда. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Республиканың көп бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ал солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы өңірлерге байланысты айтарлықтай ауытқиды:

Батыс аймақтарда күндіз +30...+37°С, кей жерлерде қатты ыстық - +41°С дейін көтеріледі.

4 тамызда еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +40°С дейін жетеді.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде +5...+13°С, күндіз +15...+20°С аралығында болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →