×

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Солтүстік, шығыс және орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» синоптиктері 16, 17 және 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдің басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр әкеледі, ал солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.

Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында, 17-18 тамызда — батыс өңірлерде, 18 тамызда — орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша желдің күшеюін ескертеді. Солтүстік, шығыс және орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Температуралық фон:

батыс өңірлер: күндіз +22…+30-дан +27…+35-қа дейін жылынады;

солтүстік-батыс: +16…+30-дан +22…+33-қа дейін;

солтүстік: +18…+23;

орталық: +20…+30;

шығыс: +20…+30-дан +17…+25-қа дейін төмендейді;

оңтүстік: +25…+35;

оңтүстік-шығыс: +30…+35-тен +25…+32-ге дейін төмендейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады
Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →