Республика аумағында жел күшейеді, солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, 4-5 қыркүйекте батыста, сондай-ақ 5-6 қыркүйекте солтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және 5-6 қыркүйекте шығыста ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика аумағында жел күшейеді, солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы да өзгермек:
шығыс пен солтүстік-шығыста түнде +2…+10 градус, кей жерлерде топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік күтіледі;
күндіз батыста +18…+33-тан +15…+27 градусқа дейін төмендейді;
солтүстік облыстарда ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін көтеріледі;
ел орталығында +25…+35 градусқа дейін жылынады;
шығыста +12…+25 градус шегінде болады;
оңтүстікте +30…+35-тен +33…+38 градусқа дейін ыстық күтіледі;
оңтүстік-шығыста +22…+30 градусқа дейін көтеріледі, таулы аймақтарда +12…+17-ден +28…+33 градусқа дейін жылы болады.