×

Жаңбыр, найзағай: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күздің алғашқы айы аяқталар шақта күндізгі температура біртіндеп көтеріледі.

Жаңбыр, найзағай: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылдың 23-25 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Метеорологтардың дерегінше, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады. Батыс пен оңтүстікте күндіз найзағай ойнайды.

23 қыркүйекте шығыс өңірлерде, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Тау бөктерінде түнгі уақытта жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Айта кетерлігі, күздің алғашқы айы аяқталар шақта күндізгі температура біртіндеп көтеріледі. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы +20…+28 °С, ал шығыста +10…+15 °С-тен +15…+25 °С-қа дейін жылынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →