×

Қазақстанда күн суытады: 4 қарашадан бастап -13 градус аяз түседі

Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі

Қазақстанда күн суытады: 4 қарашадан бастап -13 градус аяз түседі
pixabay.com

«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде күшті қар, сондай-ақ екпінді жел, боран және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы да біртіндеп төмендейді. Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі: мұнда 4 қарашада түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус аяз күтіледі”, – делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, суық Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді. 4 қарашада күтілетін жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашыннан кейін аймақта салқындау басталып, түнде ауа температурасы 0-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы шамасында болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады
07.12.2025ж. 17:38

"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады
Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →