×

"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады

"Қар жауып, көктайғақ болады": Алматыда ауа райы күрт суытады
Фото: Qaz365.kz/Karipov Bauyrzhan

Алматыда ауа райының күрт суытуына байланысты «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“8 қарашада таулы аймақтарда қатты қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ Алматыда тұман түсіп, ауа температурасының төмендейді. Таулы аймақтарда мұзтайғақ болуы мүмкін. Жол жағдайына байланысты өз бағытыңызды алдын ала жоспарлаңыз”, – делінген Алматы қаласының ТЖД таратқан хабарламасында.

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады.  

“Үйге қайту уақытын кешке қалдырмаңыз, ауа райының нашарлауына байланысты кері қайтар жолды табу қиын болуы мүмкін”, – деп ескертеді мамандар. 

Сонымен қатар құзырлы органдардың өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына электр желілерінің бүтіндігін тексеріп, көліктерді ағаштардың астына қоймауды, адамдар зардап шекпеуі үшін сәтсіз бекітілген құрылымдардың астында тұрмауды, жаяу жүргіншілерге де қар жауып тұрған кезде абай болу қажеттігін еске салады. 

“Алдағы суық ауа райына байланысты түтін құбырының герметикалық жағдайын қадағалаңыз, жану өнімдерінен шығатын көмірқышқыл газының таралуына жол бермеңіз; электр желілеріне артық жүктеме салмаңыз”, – дейді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды
02.11.2025ж. 14:42

Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі
Еліміздің мегаполистерінде жауын-шашын болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →