×

Тұман түсіп, боран соғады: 4 қаңтар күні Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады

Сонымен қатар көктайғақ болып, жел күшейеді

Тұман түсіп, боран соғады: 4 қаңтар күні Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады
Фото: H. Armstrong Roberts/ClassicStock/Getty Images

Таңертең және кешкі уақытта елдің бірқатар өңірлерінде тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Бүгін, 4 қаңтарда, Астанада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Алматы қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, қөктағақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында 15-20, екпіні 25 м/с.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту ұсынылады
Жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауларын ескертеді
Бұл, әсіресе, солтүстік және шығыс өңір тұрғындарына сезіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →