Тауға бару, серуендеу кейінге қалдыруды ұсынылады
Алматы қаласы ТЖД нөсер жауын мен қатты желге байланысты дауылды ескерту туралы хабарлайды, деп мәлімдейді Qaz365.kz.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 23–24 наурыз күндері Алматының таулы аудандарында жаңбыр (қар), найзағай, тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ал, Алматы қаласында 24 наурызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін күтіледі.
Төтеншеліктер қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бару, серуендеу кейінге қалдыруды ұсынады.
Сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласуды өтінеді.