×

Алматы мен Алматы облысында бұршақ жауды

Сондай-ақ найзағай ойнады

Алматы мен Алматы облысында бұршақ жауды
Pixabay.com

Алматы мен Алматы облысында қатты бұршақ жауып, найзағай ойнады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала және өңір тұрғындары әлеуметтік желіде фото, видеоларын жариялады.

Бұған дейін сағат 21:12-де алматылықтарға ауа райының нашарлайтыны туралы СМС хабарлама келген болатын.

"Алматы қаласында найзағай күтіледі, жел екпіні секундына 17 метрге дейін күшейеді", - делінген 112 қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі видеоға қарағанда, Алматы облысындағы Есік қаласында да қатты бұршақ жауған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қалада мобильді бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады
Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →