×

Синоптиктер ауа райына байланысты Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

Қолайсыз метеорологиялық жағдай

Синоптиктер ауа райына байланысты Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
Фото: almaty.tv

Қазгидромет үш қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылғы 16 ақпанда Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →