×

Синоптиктер Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Қолайсыз метеорологиялық жағдай

Синоптиктер Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады
Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, хабарлайды Qaz365.kz.

"2024 жылғы 18 сәуірде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қалада мобильді бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады
Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →