×

KASE-дегі доллар бағамы төмендеді

Әлемдік мұнай бағасы да төмендеуде.

KASE-дегі доллар бағамы төмендеді
Pixabay.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 25 қыркүйегінде, сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 541,68 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,92 теңгеге арзандады.

Ресей рублі бағамы өзгеріссіз қалды - 6,49 теңге.

Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа бағамы 75,94 теңге болып, 0,38 теңгеге төмендеді.

Валюта айырбастау пункттеріндегі баға мынадай:

доллар - 542,1-544,5 теңге,

еуро - 635,5-639,5 теңге,

рубль - 6,39-6,51 теңге.

Сонымен қатар әлемдік мұнай бағасы да төмендеуде. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,24 долларға арзандап, 69,07 долларды құрады. Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light маркалы мұнай бағасы 0,26 долларға түсіп, 64,73 долларды көрсетті.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми бағамдарды белгіледі: доллар - 542,8 теңге, еуро - 637,84 теңге, рубль - 6,49 теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Доллар 1500 теңгеден: Ұлттық банк басшысы мұндай бағамның ықтималдығын бағалады
25.01.2026ж. 20:48

Доллар 1500 теңгеден: Ұлттық банк басшысы мұндай бағамның ықтималдығын бағалады

Теңге бағамы экономиканың жағдайына байланысты және бейімді болуы
АҚШ долларының орташа бағамы 542,29 теңгені құрады. 
Қазақстан қаржы нарығы өкілдерінің теңге бағамына қатысты болжамдары күрт нашарлады
 Биткоинның құны жыл басынан бері 11,5 пайызға көтерілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →