×

«Алматы жастары» қосымша кезеңі қорытындыланды: нәтижесі қандай?

Жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс

«Алматы жастары» қосымша кезеңі қорытындыланды: нәтижесі қандай?
Фото: ашық дереккөзден

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен «Алматы жастары» бағдарламасының қосымша кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:
 • денсаулық сақтау – 456,
 • білім беру – 773,
 • мәдениет – 95,
 • спорт – 23,
 • ЖОО және ҒЗИ – 196,
 • БАҚ – 40,
 • әлеуметтік сала – 75,
 • коммуналдық қызметтер – 139,
 • жұмыс істейтін жастар – 75.

Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды: 
* денсаулық сақтау – 210, 
* білім беру – 332, 
* мәдениет – 24, 
* спорт – 3, 
* ЖОО және ҒЗИ – 74, 
* БАҚ – 22, 
* әлеуметтік сала – 18, 
* коммуналдық қызметтер – 56, 
* жұмыс істейтін жастар – 20.

Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.

Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады.

Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.

Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлеріне Алматыдан 100 пәтер сыйлады
26.05.2025ж. 18:26

Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлеріне Алматыдан 100 пәтер сыйлады

Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 100 баспана сыйлайтын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →