×

«Көзге көрінбейтін жиһаздары бар»: Астанада бағасы 1,5 млрд теңге тұратын пәтер сатылып жатыр

Видео әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды

«Көзге көрінбейтін жиһаздары бар»: Астанада бағасы 1,5 млрд теңге тұратын пәтер сатылып жатыр
Фото: Qaz365.kz

Елордада құны 1,5 миллиард теңге тұратын сәнді пәтер сатылымға шығарылды. Бұл жайлы кәсіпкер Алиакбар Смағұл Instagram желісінде пәтерге шолу жасап, оның қандай екенін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алиакбар Смағұлдың айтуынша, пәтер Астананың қымбат ауданында орналасқан. Оның «Бәйтерекке» қарайтын панорамалық терезелері, кең қонақ бөлмесі, жеке кабинеті, сондай-ақ қызметкерлерге арналған бөлмесі бар. Әр жатын бөлмеде жеке ванна бөлмесі, сондай-ақ жеке киім-кешек бөлмелері мен «көзге көрінбейтін» шкафтары бар.

Дизайн жоғары сапалы стильде, қымбат безендірумен, жарықтандыру жүйесімен жасалған. Интерьерге қарағанда, тұрғын үй барынша жайлылық пен қарапайымдылықты жақсы көретін адамдарға арналған.

Желідегі бұл видео қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушылардың бірі пәтер өз бағасына сай десе, енді бірі оған тұрмайтындығын айтып дауласуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →