×

Қарағандыда 2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

Брондау: 3 сәуір сағат 10-00-ден бастап 16 сәуір 23-00 аралығында

Қарағандыда 2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды
Сурет: facebook.com/Ләззат Қожахмет

Қарағанды қаласындағы Отбасы Банк Чапаев көшесі 176 үйді ипотекаға беру үшін 3 сәуірде өтінім қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату"/"Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдау басталды”, – делінген хабарламада.

9-қабатты 108-пәтерлі тұрғын үйдің нысан коды 5123. Үйге жөндеу қажет емес, әрлеуден толық өткен (черновой емес).

Тұрғынүйдің бір шаршы метрі –  229 000 теңге.

1 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 34,00 ш. м.

1 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 41,80 ш. м.

2 бөлмелі - 36 пәтер, ауданы 58,30 ш. м.

Кімдер өтінім бере алады:

  • үй кезегінде тұрған көпбалалы,
  • мүгедек баласы барлар,
  • 1-2 топ мүгедектері,
  • жетім және ата-анасыз қалған балалар.

Өтінімді otbasybank.kz сайтында өтінім бере аласыз. Бірақ, әуелі Отбасы банкінен депозит ашып, пәтер құнының 10% ақшасын депозитке салу керек.

Егер банк іріктеуінен өтсеңіз мемлекет алғашқы жарнасын төлейді. Екі гарант ұсынуға болады.

Брондау: 3 сәуір сағат 10-00-ден бастап 16 сәуір 23-00 аралығында.

Брондау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күннен соң нәтижесі жарияланады.

Ипотекаға өтінімді Қарағанды қаласы Чкалов көшесі 7 үй, Отбасын қолдау орталығында бере аласыз. Депозит ашып келу міндетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
06.03.2025ж. 13:14

"Алматы жастары" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талап бар
Өңірде осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді деп жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →